Арман-ай, таусылып бітпеген – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Арман-ай, таусылып бітпеген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 972
Арман-ай, таусылып бітпеген,
Құрақтай көкке бой тіктеген.
Алақан созылса күн іздеп,
Ақ жаңбыр келеді күтпеген.
Тірліктен баса алмай құмарын,
Жүрегім іздейді сыңарын.
Көңілім биікке ұмтылды
Жағуға бақыттың шырағын.
Күндерім жылады мұңданып,
Жұлдыздар таусылды түнде ағып.
Өзіңе сағынтпай жетер ем,
Жаныма жыр толы жылды алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері