Амал жоқ — қайттім білдірмей – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Амал жоқ — қайттім білдірмей» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 7769
Амал жоқ — қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын.
Қоймайды дертің қүйдірмей,
Не салсаң да тартамын.

Талайсыз,бақсыз, мен сорлы,
Еріксіз аттап ұяттан.
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан.

Әлімше мен де ұялып,
'Білдіремін' дедім, өлсем де,
Шыдар ем күйіп мен жанып,
Айында бірер көрсем де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері