Өлең, жыр, ақындар

Дариға, сол қыз

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5922
Өңімде ме еді, түсімде ме еді,
Көріп ем ғой бір армандай қызды.
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.
Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,
Тулады толқын, шайқылды шың-құз..
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!

Оқ тиді келіп, қайратым кеміп,
Барамын сөніп, келмейді өлгім!
Тұрғандай сол қыз жаныма келіп,
Талпына берді қайран жас көңілім!
Барамын сөніп, барамын сөніп
Жұтар ма мені мына сұм соғыс?
Арманым бар ма, өлсем бір көріп,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
Келмейді өлгім, келмейді өлгім,
Қайратым қайда, келші осындайда,
Дедім де тұрдым, жүгіре бердім,
Қолымда найза, шағылып айға...
Жеңдікқой жауды, арманым не, құрбым,
Күркіреп күндей өтті ғой соғыс.
Таба алмай жүрмін, айқайлап ән сап,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтірік өлең

  • 0
  • 0

Баласы қасқа айғырды өлтіріпті,
Құдайым айтқызбасын өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға міңгесіпті,
Бәрін де тура тасқа тышқан өлтіріпті.

Толық

Құбажай (1 нұсқа)

  • 0
  • 0

Бозбалаға лайық ойнап-күлмек,
Үйлесімді заманның жөнін білмек.
А-ай! Құбажай,
Осынау әнім, ә, жанға жай.

Толық

Аяманнан

  • 0
  • 0

Басыңдағы мақтанба, а-ей, бағыңызға, ай,
Ешбір пенде жолатпай жаныңызға.
Айнымалы дүние жел емес пе,
Бір күн жоқ, бағың тайған шағыңызда.

Толық