Жігіт сыры – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жігіт сыры» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2736
Уәделескен жерге келсе, айнала
Жым-жырт, тыныш.Көкте жүзген ай ғана...
Жігіт састы, жігіт қатты мұңайды,
Айналасы боп көрінді айдала.

Жүрек тулап, ол орнында әлі тұр,
'Не істеу керек,ұйқы келмес бәрібір.
Не болса да қақсам ба екен әйнегін,
Кесе қайтем, - енді менен әрі жүр'.

Жігіт налып, беттеп еді үйге енді,
Қарсы алдынан шыға келді сүйгені,
Қабағында ізі де жоқ реніштің,
'Кеш келдін ғой рұқсат, тағы сүй', - деді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері