Көрген жерден шошыма – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Көрген жерден шошыма» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 677
Көрген жерден шошыма,
Ойсыз сөзді тез айтпа
Айрылмастай досыңа,
Қайрылмастай сөз айтпа.
* * *
Қырандардың тауда биік қиясы
Достық деген ынтымақтың ұясы.
* * *
Қадір тұту – сыйымыз,
Отан – ортақ үйіміз.
* * *
Тірлік деген көрген көзбен Айлы-күн,
Бірлік деген баға жетпес байлығың.
* * *
Рухани мәдениет – Алатауы еңселі,
Адамдықтың айнасы, ізгіліктің өлшемі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері