Сен әлі тірі ме едің? – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Сен әлі тірі ме едің?» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

О, Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің,
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің,
О, Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің!?
Мен сені ұмытқамын.
Жылытқаның есте жоқ суытқаның.
Суып қаным,
Жинағам құрып халім,
Жығылған отауымның уықтарын.
Содан бері мен сені ұмытқамын.
О, Махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?!
Тірі ме едің...
Мен де енді тірілемін!
Ақ періште, алдыңа жүгінемін,
...Қолдай гөр ғашықтардың пірі мені


Пікірлер (6)

ерке

оте жаксы
тамаша

Гүлсінай

ӨТЕ ӨТЕ КЕРЕМЕТ ƏНДЕР

Меруерт Ерқараева

Өте керемет рахмет сіздерге

Зейнеп

Оте керемет

Бейсек

О, Махаббат!

Има

Зор ғо

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері