Бұл бетте «Қуырмаш» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
– Бұл жыр Бірден басталмақ?
– Бір дегенің – Басбармақ!
– Екі – Балалы үйрек пе?
– Білем оны.
Үйретпе!
– Ортан қолды Үш дейді!
– Төрт ауызға түспейді?
– Аты жоқ қол, себебі!
– Қойшы, сол да себеп пе ей?!
– Кезек Беске келеді?
– Ол – Кішкене бөбек қой!
– Бесеуі – бір туымдас,
«Қуыр, қуыр, қуырмаш!»
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі