Тәжік әке, сен үшін

Бұл бетте «Тәжік әке, сен үшін» атты Қалижан Бекхожин жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1589
Сыр бойында, жағада,
Ағынға көп қарадым,
Толқын сөйлеп, аға ма,
Көкке түйіп қабағын.
Аққандай бір ызамен,
Толқын тулап кетеді.
Шуылдаған cap өзен,
Шұғыл қайда жетеді?
Есімде сол жағадан,
Ағылғандай өзеннен
Ашуы сел көп адам,
Мылтықтарын кезенген,
Саппен сонау соғысқа,
Ағылғаны толқындай,
Күн батысқа сол қыста
Толқындаған ел тынбай...
Жағада сол, есімде,—
Отырған шақ хат жазып.
Суық қыстың кешінде,
Қасымда бір қарт тәжік,
Сұр толқынға қараған,
Қалың қасы қозғалып.
Бейхабар солдат — балада
Естімей бір сөзді анық...
Қазақ та төмен жақтағы,
Сақалына жас тамған.
Сол кеш ұлын жоқтады,
Сырдан жыры басталған.
Қарадым сол өзенге,
Кегін іздеп әкенің,
Кездім сол бір кезеңде,
Қарт тәжіктің мекенін.
Есімде қыс қаһары,
Есімде сол қария.
Ленинабад шаһары,
Аққан шулы дария.
Кеттім мен де майданға,
Ұқсап қарттың ұлына.
Қар қанатын жайғанда
Сырдария суына.
Келем, міне, тағы да,
Cay ма екен, сол ақсақал?
Қайтты ма ұлы бағына,
Сәтті болып ақ сапар?
Уыстайын, сағындым,
Ұратөбе жемісін.
Жырлайын дос бағының
Рақаты мен жеңісін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәжік әке, сен үшін өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Тәжік әке, сен үшін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәжік әке, сен үшін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәжік әке, сен үшін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері