Қарт хатшының сыры – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қарт хатшының сыры» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 8947
(Монолог)

«Туған жер, нұр топырақ, балдай суым,
Арбайды қай сиқырың, қандай сырың?
Баурында барлық өмір барады өтіп,
Болған соң тәттілігің балдай шырын.
Көп сөз бар сүйдім деген, күйдім деген,
Адамдай ән айтпаған, күй білмеген,
Олардың біреуі де жеткізе алмас,
Бейнеңді күнде бізге күлімдеген.
Туған жер, балалы кел, бел қарағай,
Елуде еркелеймін мен баладай,
Шыр етіп омырауына түскен күннен,
Кезім жоқ кеткен сенен кең далам-ай!
Білмеймін, не күшіңмен қойдың байлап,
Оянам сен туралы ойымды ойлап,
Таң атса талай таныс жолдарыңмен
Зымырап бара жатам дәмің айдап.
Кейбірі бастық дейді бағыныштап,
Бауыр да барын тосар сағыныштап,
Туған жер жанталасып біз жүреміз
Баяғы бір өзіңнің бабыңды ұстап.
Азбасын топырағың дейміз де біз
Маңдайдың терін сүттей еміземіз.
Туған жер - адамыңмен бақыттысың
О баста дүниеге келіп егіз.
Жаса сен, жасартатын біз болғасын,
Төбеңнен жаумас енді мұз - қорғасын,
Сен деген, саған деген ұл махаббат
Бір емес сені күнде жүз қолдасын.
Біз емес мақтау тосып, сыйың күткен,
Арқамыз босаған жоқ дүйім жүктен.
Кәдімгі ауыл, аудан басшылары
Алысқан ұйқы көрмей қиындықпен.
Жақсы ғой бәрі жаның саламатта,
Қызыққа, қиындыққа, ғаламатқа
Өмірдің отыз, қырық жылын беріп,
Отырмыз ойлы көзбен қарап артқа...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарт хатшының сыры өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қарт хатшының сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарт хатшының сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарт хатшының сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері