Ұқсастық

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1305
Алғам жоқ әсте өмірді тілеп арзаннан,
Демеймін оны тіземін ылғи маржаннан.
Өмір — бір асыл, қуатты оттың дүниесі,
Ракета болса, алынған сонда бар заңнан.
Мақтанам мен де өмірмін, өзім отпын,— деп,
Сұраман жалын өзгеде жатқан шоқты үрлеп,
Өмірдің қалың қабатын тіліп өткен де,
Мақтанбан бірақ өртеніп жанған жоқпын,— деп.
Ракеталар жүзінде көктің жоғалған,
Өз отын сарқып өшкен соң онда жоқ арман,
Алайда маған оттарды жеңер от керек
«Востоктай» сонау жеріне қайтып оралған.
Көремін қазір алғы бір ұрпақ суретін.
Жанатын әмән, жануды аңсап жүретін,
Қалатын әман қалыңға түссе қайыспай,
Қаз-қатар маздап, қадірлес өмір сүретін.
Мақтанам мен де әмірмін, өзім отпын, — деп,
Сұрамай жалын өзгеде жанған шоқты үрлеп,
Күнімде сонау мақтансам болды түбінде:
Мен де бір қалың ауаны тіліп өттім — деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұқсастық өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ұқсастық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ұқсастық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұқсастық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері