Жаз – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Жаз» атты Ғафу Қайырбеков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1834
Ақын жырын аялап
Тербетеді, толқыды.
Кеудеде өлең ұялап,
Жазады да, оқиды.
Сондай-ақ күн қалың қып,
Жібергенде нұр құйып.
Көз ашып жер – қалыңдық,
Қарады оған жымиып.
Кезек беріп, бұл жазға
Көшті жерден қар қалмай.
Манағы аппақ қағазға
Жыр жазылып қалғандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері