Өлең, жыр, ақындар

Туған жерге

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 33
  • 222942
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде - құрбылармен алысқам,
Анау жерде - құрбы жанмен табысқам.
Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан,
Таулар әне, ұйықтап кеткен данышпан,
Жолдар анау, шұбатылып шаңы ұшқан,
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.
Шабындықтар,
Егістіктер,
Тоғайлар.
Төбелердің төбесінде - көк айдар.
Ақ сағыммен араласып, аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Бір тынбайды шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры,
Бәрі таныс - кісінеген құлыны
Ін аузында шаңқылдаған суыры.
Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!



Пікірлер (33)

роорррд

чики чики

Гүлбану

өте керемет базар жоқ

меруерт алдамуратова

Оте керемет

Аделя

Өте жақсы

Мейрбек

Калай скачать етеди

Салтанат

Керемет жақсы өлең

Виктория

Күшті

адия

тамаша

Арай

Мұқағали Мақатаевтың əр өлеңі керемет қой

Кумисай

Мұқағали Макатаев тың өлеңдері маған қатты ұнайды әсіресе Аққулар ұйықтағанда өте керемет

асия

мұқағали мақатаевтің өлеңдері қатты ұнайды солардың бірі ғашықпын

Janim

Өте керемет әсіресе туған жер өлеңі жазған адамға рахмет

Акося Ақылбекова

Рахмет. Маған да Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен поэмалары қатты ұнайды. Осы өлеңді жазған адамға көп көп рахмет. Маған осы ақынның туған жер туралы басқа өлеңдері де керек еді. Егер бар болса осы сайтқа жазыңдаршы

Айдана

Өте тамаша! Адамға үлкен шабыт береді. Керемет!

Аделя

Өте керемет, маған қатты ұнады
М.Мақатаев атамыз керемет жыр түрлі əндер жазған

Серікжан

М.Мақатайывқа алғысым шексіз.

Серікжан

тағы(Асырмай,туған жер-ай) өлеңін бар

Бейбарыс Есімжан

Өте керемет ✌ ✌

Сентагуль

Ия,қазақтың бір туар азаматы ,Хан тəңірінің мұзбалақ ,ақиық ақынының қай өлеңін,жырын поэмасын,прозасын алып қарасаңда өте тамаша жазылған ғой ,шіркін.!Тірі болғанда əліде талвй сұлу сазды өлең -жырлары туар еді.Мұқағали атамыздың жатқан жері жайлы,топырағы торқа болсын,жаны жəннəтта болсын!Менде сіздің шын жүректен табынушыларыңыздың бірімін.Нағыз қазақ,өр тұлғалы азаматымыз ғой,шіркін!Өзі өлседе сұлу өлең жырлары ,қазақ деген халқы барда өлмейді.

Жайна

Мұқағали Мақатаев менің ен жаксы көретін өлеңдерін поэмаларын сүйіп оқимын

Әдемі

Өте керемет,тамаша!Мұқағали Мақатаев менің ең сүйңкті ақыным.Өлеңдері адамға шабыт сыйлайды!!!!!

Несіпбала Тулеухан қызы

Мұқағалиға жететін, тіпті жетіп жығылатын ақын бар ма? Шахматта бірнеше фигура бар ғой, мысалы пешка айтқанды ғана орындайды, ал өзінің күшін көрсете алатын фигуралар бар, Мұқағали сол мықты фигураның алыбы,рухани жанын ешкімде өшіре алмаған, қазірде қазақтың қақ төрінде қасқиып тұрған алып тұлға...

Айдар

Өте керемет!!!красавчик

Максат

оте керемет

Махаббат

Кушти!

Нұрай Айдарбекқызы

Өте керемет өлең күшті

Махсұт Гүлзат

Өте керемет ! Айтарға сөзім жоқ жарысқа енді осы өлеңді айтам ол алматыба болатын жарыс өзім таразда тұрам

Мұқағали Мақатаев

Туған жердің таулары

Айгерім

Өте керемет

Ice free fire

Өте керемет өлең шумақтары күшті

нуке

Өте керемет,тамаша!

Нурр????

Мен ғанама 2024те көріп отқан

……

Ары қарай неге салмайды осы?

Пікір қалдырыңыз

Москвадан кетерде

  • 1
  • 2

Ұлиды боран,
Қарып тұр.
Сауықтыр мені, сауықтыр
Боранын-дағы Мәскеудің

Толық

Мен білмеймін, нe болады күні ертең

  • 1
  • 5

Мен білмеймін, нe болады күні ертең.
He болса да, не болса да күнелтем!
Екеуміздің жүрегіміз білер тек,
Сырласайық,оңашаға жүр, еркем.

Толық

Ауырмай жаным қиналды!

  • 0
  • 2

Ауырмай жаным қиналды,
Ауытқып жүрек орнынан.
Уайым қоршап мені алды,
Жігерім жасып болды нан.

Толық

Қарап көріңіз