Ғажайып бақ – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ғажайып бақ» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3070
(Қырымдағы ботаника бағы)

Осында бәрі жиылған
Әлемдегі ағаш әулеті.
Әкелген не бір қиырдан
Анамыз жердің дәулеті.
Өрнегін оның оюлап,
Қайталап шықпас еш шебер.
Осындай әсем қою бақ
Бәрінде жердің өссе егер, —
Деген бір іште тәтті арман
Кетеді соны көргенде
Қия алмай кісі аттанған
Қарайлап ылғи сол жерге.
Бірінің атын атасаң,
Соқпайсың қалай біріне.
Бәрін де атап ешқашан
Үлгірмес кісі тіріде.
Қара да қара тағы да,
Қара да іштей тыншы құр.
Маңдайда көзің барына
Етесің сонда мың шүкір.
Бәрі де достық қойнында,
Жарастық неткен мұнша көп.
Оралар тілек ойыңа
Адамзат солай тұрса деп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғажайып бақ өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ғажайып бақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғажайып бақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғажайып бақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері