Келеді атып тағы да – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Келеді атып тағы да» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1901
Келеді атып тағы да,
Ғажап қой дала таңдары.
Ұялап жатыр жаныма
Үміттің балапандары.

Күтіп ап дала таңдарын,
Жолды аңдып байқайын деп ем.
Сол үміт балапандарын
Арман ғып шайқайын деп ем!

Сарғайма, шығыс сарғайма,
Күтем деп сен де күн өңін.
Бұтадан ұшқан торғайға
Сапардың сәті – тілегім.

Бір сапар бар ғой менде де,
Жанымда ойлар жүр ізгі.
Туған жер, сенің кеудеңе
Салайын деп ем бір ізді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері