Ғасырлар съезі – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Ғасырлар съезі» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қырқыншы ма,
Елуінші ме ғасырда
Ғасырлар жиналып, ғасырлар съезін ашуда
Адыра қалып алтының мен ураның,
Парасат, ақыл арнаға сыймай тасуда.
Өткен ғасырлар, жеткен ғасырлар жиналып
Таңырқар сонда жиырмасыншы ғасырға!
Өткен ғасырлар,
Жеткен ғасырлар бас ұрып,
Заманалардың есігі тегіс ашылып,
Енеді сонда бүкіл ғаламдық Сарайға,
Жығылмай туы жиырмасыншы ғасырым.
Жанады жарық -
Жұлдыздар нұры шашылып.
Съезді ашады,
Естіліп үні тұрады.
Жанды да, жансыз дүние тегіс тұнады.
Өткен ғасырға,
Жеткен ғасырға сөз беріп,
Менің ғасырым бәрінің басын құрады.
Кезекпен сөз ап,
Ғасырлар есеп бергенде,
Жіберіп қойған қателіктерін көргенде,
Бабаларына да,
Балаларына да,
Жиырмасыншы ғасырым
Ақыл айтады қателіктерін жөндеуге.
Жайылар сонда ғаламға үлкен дастарқан,
Ғасырым менің оны да өзі басқарған.
Heгe дейсіз ғой?
Heгe десеңіз,-
Нағыз керемет осы ғасырдан басталған.
Салтанат бітеді,
Ғасырлар тегіс тарасар,
Әрбір ғасырлар өз дәуіріне жарасар.
Жарылып бәрі осы ғасырға жол ашар.
Ғасырымды менің
Болашақ ғасырлар
Қонақ етуге таласар.


Пікірлер (2)

Дәмір

ойы мықты ақын

Сүннатқожа Зейнеп

Маған бұл өлеңдер қатты ұнайды! Мұқағали Мақатаев менің ең сүйікті жазушысы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғасырлар съезі өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Ғасырлар съезі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғасырлар съезі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғасырлар съезі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері