Тамшы – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Тамшы» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2276
Құм – жалаңаш жатыр еді, обал-ақ:
Қарауытып дір-дір етті дөң, алап.
Тамшы, тамшы келеді әне домалап,
Көк бұлтының бар сезімін тонап ап.
Мөлдір тамшы қонды құмға секпіл боп,
Жұрт шу етті: секпіл, секпіл деп тілдеп.
Мөлдір еді, мөлдір еді тамшы бұл –
Кеудесінен шыққан үндей әншінің.
Енді қалай болды қоңыр, қарала –
Қарамашы, қарама!..
Көмейіне түйдек бұлттар тек келіп,
Көкжиек тұр үндей алмай кептеліп.
Ал, сол тамшы сәуле болып туды да…
Ақырында құмға сіңді – кетті өліп.
...Тамшы тапты Жерді – мәңгі мекенін,
Мезгіл-ана тербетеді мекені мен екеуін.
Өкінбес ед, білмейді ғой сол тамшы
Жердің-дағы тамшыға ұқсас екенін?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері