Өлең, жыр, ақындар

Сағындым сені

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2424
Сағындым сені,
Жалғыздық бұрап
Бөскіл мұңдардан шаршадым.
Қайтермін бірақ?
Шақырымдарды қанша мың?
Ынтызар болдым көрмекке,
Ештеңесі жоқ жұмбақтар.
Тағдыр жолымды өрмектеп,
Қоштасты жазбен гүл бақтар.
Сағындым сені
Сағыныш күндер сылбыған.
Түнгі азабыма қанық таң.
Тек іштей ғана шыңғырам,
Зағипаң – менмін зарыққан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғашық болмай адамдар

  • 0
  • 0

Ай екеуміз сырласып, басыламыз,
Ол — аспанда, мен жердің бұрышында,
Бірде жылап, бірде мұң қашырамыз,
Бір әдемі аңсау бар тұрысында.

Толық

Кезігерміз екеуміз жолда қандай?

  • 0
  • 0

Кезігерміз екеуміз жолда қандай?
Тәңір өзі бұйырып, қолдағандай.
Жан-тәнімді жандырған қайран сезім,
Жоқ боларсың бір күні болмағандай.

Толық

Көңілімді көтерші

  • 0
  • 0

Сәуле шашпай, сыр түйіп кешім күміс,
Сағынышқа тұншығып көкірегім.
Шаттанғаным соңғы рет есімде еміс,
Көңілімді көтерші, өтінемін.

Толық