Жаның – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жаның» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1680
Жаның,
Армандарға тұнған
Тәнің
Құр қалмаған жырдан.
Затың
Жақсылыққа жат емес,
Атың басталады нұрдан.
Қаның
Бойда тулай аққан,
Әнің
Маған құлай жаққан
Күлкің
Ол тағдырдан сыйың
Бір күн
Сенсіз өткен қиын.
Көркің
Хас батырдың түрі
Өртің
Сезімді ерткен ұры
Қолың
Алақанға тисе,
Орны
Болады он күн жылы.
Көзің
Алла нұры ғажап
Сөзің
Мың ойларды қажап.
Келсең,
Көктем кірер бірге
Кетсең...
Тіршілігім азап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері