Бал бөбек – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Бал бөбек» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2649
Балбыраған балауса,
Ыстық жүрек — бал бөбек.
Нарттай қызыл бетіңнен.
Қуаныш нұры тамады.
Қара көзің күлімдеп,
Лениншіл, жас пионер!
Талабың сенің таңғалта.
Таудан асып көк тігер.
Жігерің сенің қылыштай,
Өткірлігі керемет.
Аспандағы ай мен күн
Саған, әне, қарап тұр.
«Жас арыстан бұл кім», — деп.
Сүйемін сені мен - дағы,
Өскеніңе інішегім!
Өйткені сенде, менде де,
Бір сара жол, бір тілек.

Май 1939 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері