Өлең, жыр, ақындар

Адайдың жүйрік Ақтаны

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1798
Адайдың жүйрік Ақтаны,
Алты Алаштың мақтаны.
Мәңгілік мұра қалдырған,
Халқымның өшпес отты әні.
Әр сөзі маржан тізілген,
Өнердің шуақ ақ таңы,
Сен десе қалай толғанбас,
Бегалының Лұқпаны?!
Айналайын жан көке,
Атағы мәлім жер көкке.
Биік біткен өресі,
Бір өзі ғасыр жыр көші,
Болмаған дәйім теңдесі.
Әулиелердің елесі.
Келешектің белесі.
Қара жердің кемесі,
Ғұлама ойдың киесі,.
Шақырған елін бірлікке,
Даналардың төресі!
Керуен заман көшінен,
Жарық төгіп құс ілген.
Дария жырын ақтарып,
Үлгі боп ізгі ісімен,
Кең даламның төсінен,
Әруақтардың күшімен,
Самал желдей есілген.
Қарсыласқан қас жауын,
Жай оғындай түсірген.
Қия шауып құзды алған,
Оя шауып мұзды алған,
Айналайын жан баба,
Кетермісің елдің есінен.
Батырлыққа жол бастап,
Ел ішінде жүрсің сен!
Ғасырлардың үнісің,
Өнердегі Пірімсің.
Ұрпағыңның күнісің.
Арулардың гүлісің.
Ақындарға өмірсің,
Асқақ ойдың төрісің,
Қайталанбас ірісің.
Алыптардың ізісің,
Саф алтынның өзісің
Намыс ардың көзісің.,
Ер Қосайдың сөзісің,
Пір Бекет атам жол салған,
Шетсіз-шексіз өріссің!
Көріпкел асыл әулием,
Сүйемін сені сол үшін!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылойдан шыққан Сусанин

  • 0
  • 0

Жанталасып жатыр жау,
Жоспары күллі көкке ұшып.
Ұясы қанды тарылды – ау,
Келеді шарпып,от кешіп.

Толық

Адай жылқысы

  • 0
  • 1

Бабалар баптай біліп жүдетпеген,
Адайдың жылқысына жел жетпеген.
Көргенде шабысына таңданасың,
Түк емес адам ойы жүйрік деген.

Толық

Жаңабай әулие баба үні

  • 0
  • 0

Кең Жылой деп, жыр төгіп аңқылдаған,
Кел, кел, бермен жақында ақын балам.
Тарихыңның беттерін ақтарайын,
Бабалардың демімен алтындалған.

Толық

Қарап көріңіз