Аллаға мадақ айтқан құстар сынды
- 0
- 0
Анау қырдан көшетін құм аттанып,
Әуені естілетін шұбап барып.
Жер бетінде әлі де ән жоқ кезде,
Тастардың ән салғаны сияқтанып.
Бұл бетте «Бесік жыры» атты Арайлым Абайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Анау қырдан көшетін құм аттанып,
Әуені естілетін шұбап барып.
Жер бетінде әлі де ән жоқ кезде,
Тастардың ән салғаны сияқтанып.
Жылдар мынау – жасыңды санай келген.
Күндер мынау – боз қырау самай берген,
Көңіл мынау – жастық шақ келер ме деп,
Жүз бұрылып артына қарай берген.
Қарай да қарай гүлдер де өскен,
Үмітсіз жерге үмітпен.
Бұл дүниядан пірлер де көшкен,
Тас шайнап таңдай жібіткен.
Дауыл тынды. Айқай-шудан түк қалмай,
Ағаштар тұр төбелестен шыққандай.
Дауыл тынды, қары қалды ақ бұйра,
Жерде жатқан бұлттардай.
Бұл заманға іліккенбіз шаршап кеп,
Армандарды асырадық ән сап-бек.
Сан ғасырлар сахарада жүрдік біз,
Қасқырдан да ақылдырақ болсақ деп.
Арман қуып жүр әлі бағы аздар да,
Тату таулар таңқалып араздарға.
Өлең болып көшеді біздің арман,
Сүйегі сықырлаған қағаздарға.
Амина
Маган унады
жанерке
маган ұнады
Батима
Маған да ұнады ❤️
Бақтыбай Айзере
Мағанда ұнады
Рахия
Оте кушти супер
Жәнібек
Өте күшті