Бөрілердің бесік жырын естимін – Оңайгүл Тұржан

Бұл бетте «Бөрілердің бесік жырын естимін» атты Оңайгүл Тұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Дауыл тынды. Айқай-шудан түк қалмай,
Ағаштар тұр төбелестен шыққандай.
Дауыл тынды, қары қалды ақ бұйра,
Жерде жатқан бұлттардай.

Қыстың айы – мен туған ай таранып,
Біздің көңіл – қалада да далалық.
Ақ боранның алас-күлес ішінде,
Ойнақ салып жүрген сынды балалық.

Жапандағы жаңғыз үйде ес түйдім,
Әке жыры – көркі еді кешкі үйдің.
Әлі күнге ақ боранның даусынан,
Бөрілердің бесік жырын естимін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері