Бас кәсіп – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Бас кәсіп» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1719
Зәтiм қазақ тамыры тереңдегi,
Әлiмсақтан мал бағып, жер өндедi.
Аңыз айтып, термелеп, жырлап өткен,
Кәсiбiнiң бастығы өлең бе едi?!
Ән мен қазақ әуелден егiз едi,
Ақ сүтiн де әнiмен емiзедi.
Жырлап өттi ғасырлар жылап жүрiп,
Махамбеттiң, Абай мен Сегiз елi.
Ең ардағы қазақтың өлең бе едi?
“Алты ауызды” айтпасты төмен көрдi.
Қасым ақын “от шайнап” өлеңiмен,
Ел түзедi Абайдай кемеңгерi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері