Таудай амалды құрап ал! – Оңайгүл Тұржан

Бұл бетте «Таудай амалды құрап ал!» атты Оңайгүл Тұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қарай да қарай гүлдер де өскен,
Үмітсіз жерге үмітпен.
Бұл дүниядан пірлер де көшкен,
Тас шайнап таңдай жібіткен.

Ұсынып өзін мас-тілді үндер,
Сынайды бізді заман-дем!
Түлкілі заман, қасқырлы күндер,
Таласа жүрер адаммен.

Не керек мына сары уайым-ән,
Мүмкіндік деген – мың амал.
Сәттіліктердің тарыдайынан,
Таудай амалды құрап ал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері