Өлең, жыр, ақындар

Бабалар салған жолменен

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2882
Уа, муза, ақындардың қыз бөбегі,
Cұлулық адамзаттан іздегені.
Жасынан жүрегі пәк өнер сүйген,
Талабы таудай ұлға ақ тілегі,
Қиналсам періштемдей қолын созған,
Тәңірдің шабыт сыйлар бақ түлегі.
Тербеші жүрек қылын тылсымыңмен,
Дәл басып сезім толы ой пернені.
Жүректен ағылтайын жыр бұлағын,
Алтындап сөз маржаны ақ кемемді. .
Сырымды зерделіге жеткізейін,
Ақындар шындықты айтпай өткенбе еді.
Бабалар ерлік даңқы бізге өнеге,
Тебірентер біз сүйетін өскен елді.
Еске алып ғасырлармен асқан белді,
Жолдарын жырмен жалғап сый етейін,
Әрдайым өзің қолдап деме мені,
Шабытпен нұрландырып от кеудемді.
Өзіңмен қиял шыңның өрінде өстім,
Егізім дем біткенше бөлінбеспін.
Ақын боп туғаннан соң аянбастан,
Тер төгем ар жолында елім үшін.
Өмірдің мәні келер ұрпағымда,
Өткенін білмей олар өкінбесін.
Танысын түп тамырын нәр бұлағын,
Мәңгілік рух толы өр киесін.
Қадірлеп күте білсе сол бақытты,
Мен сенем қабырғасы сөгілмесін.
Ту қылып өнегелі өмір жолын,
Гүлдетер қасиетті ел іргесін.
Ой бөліп ата дәстүр қамбасына,
Күш жыйнап ұлттық таным санасына,
Көрген соң бұрылғанын арнасына,
Тәңірім нұрға бөлер керегесін.
Сый қылып баба даңқын өнегесін,
Артырар жан сұлулық имандығын,
Жалғауға ізгіліктің өмір көшін!
Бауырым ашық айтсам бар сырымды,
Отан-деп, от кешпесең несіне ерсің,
Қызмет қыл өз ұлтыңа жастайыңнан,
Шындықтан шырақ жақсаң бүгілмессің.
Құлақ түр менің өршіл үндеріме,
Жар салған жолын іздеп ерлік істің.
Ұғынсаң жан айхайын ақын жанның,
Өзің де жырау болып төгілерсің,
Бойыңды нәзік әуен шымырлатып,
Қастерлеп аққу сазын төрге ілерсің,
Жаныңнан табылғандай жоғалтқаның,
Ғажайып сиқыр әуен күйге енерсің.
Ашылып намыс құмар отты жаның,
Бір сезім алға сүйреп көсілерсің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әл-Фараби

  • 0
  • 0

Даналықтың шамын жағып жап-жарық,
Адамзатты парасатпен тамсантып.
Құдіретін Тәңірімнің ұлғылай,
Жаратылыс заңын зерттеп топ жарып,

Толық

Ахмет Байтұрсынов

  • 0
  • 0

Ана тілім өлмеуі үшін қансырап,
От жаныңды мазалаумен сан сұрақ.
Қамын ойлап түнек басқан халқымның,
Көзін ашып, бола білдің шамшырақ.

Толық

Бір тал жусан

  • 0
  • 0

Әрбір сөзі жыр болып,
Әлдилеген халықты.
Академик Қабдолов,
Сырқаттанып қалыпты.

Толық

Қарап көріңіз