Тастемір әулие баба үні

Бұл бетте «Тастемір әулие баба үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1414
Кең Жылой әуел бастан ел ырысы,
Мұнда бар ән менен күй, күн күлкісі.
Ой салар келер ұрпақ зердесіне.
Сан заман ғасырлардың жүгірісі.
Солармен сеніменен жолым ашық,
Жеңе алмас ешкім оны таптап басып.
Қаншама ерлер жатыр Бақашыда,
Жан салып туған елге болған ғашық.
Солардан Алшын деген қалған даңқ,
Ия, Бекет десең қазір ұран салып,
Айбынды әскер келер көз алдыңа,
Бұл жерді мекендеген батыр халық!
Әр тасы жырға толы аңыз балам,
Сыр шертер тыңдай білсең қобыз далаң.
Әр сазын жырға аударып жеткізе біл,
Бабасын ұмытпасын асыл ұлан!
Кеудеңде ұлттық намыс лаулап жалын,
Тағдырдың қадір тұтып берген бағын.
Аянбай қызмет қылып нар халқыңа,
Сақтай біл ел намысын ел ажарын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тастемір әулие баба үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Тастемір әулие баба үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тастемір әулие баба үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тастемір әулие баба үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері