Көктем көңіл – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Көктем көңіл» атты Баянғали Әлімжанов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1921
Нұр шашып жүруші едің жан-жағыңа,
Апырмай, қатулана қалғаның ба?
Қабағың түйілгені жараспайды,
Не болған демей ме жұрт жан жарыңа?

Қайырмасы:
Ғайыптан,табиғаттан бірге жеткен,
Егіз күй, егіз ұғым қыз бен көктем,
Құлпырып, қуанғанда шын жүректен
Жалғанда сұлулық жоқ сізден өткен!

Ақынның ұнап кетсе күшті өлеңі,
Арулар аққу қанат түс көреді,
Екі қыз өкпелесе жаңбыр жауып,
Үш әйел ашуланса қыс келеді!

Қ-сы:

Әйелдер ызаланбай, назданады,
Әй-әй деп, алдап қойсаң мәз болады,
Қыз күлсе қызғалдақтар қыста гүлдеп,
Қар басқан мұзды көлге қаз қонады!

Қ-сы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері