Оралдым ғашық шағыма – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Оралдым ғашық шағыма» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1020
«Бәйтерекке» қараймын
Құлпырып, жайнап тұрғанда.
Сұлуға таныс балаймын,
Ұқсатып егіз туғанға.
Сағыныш билеп ағыны,
Жас күндер ере кетеді.
Махаббат атты жалыны
Жүректі шарпып өтеді.
«Бәйтерекпен» кеңесем,
Сыбыры ұнап жаныма.
Толғантқан сонда не десең,
Оралдым ғашық шағыма.
Байланып әуен әр сөзге,
Әсем саз кілті ашылды.
Ұмытып кетем сол кезде
Бүгінгі нақты жасымды

02.02.2006


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері