Саңқылдап аққу қаптаған – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Саңқылдап аққу қаптаған» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1014
Саңқылдап аққу қаптаған,
Саялы көлге ынтығам.
Жанымды әні аптаған,
Басылып мұңым, құлпырам.
Толғанып өлең өремін,
Ғажапқа қарап айдында.
Сәулем­ау, сені көремін
Жарқ етіп бейнең алдымда.
Аңшылық – қызық түс­елес,
Әуресін ашық айтамын.
Аңсарым көлде құс емес,
Бір өлең атып қайтамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері