Балапандарым – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Балапандарым» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 5965
Балаларым, бақытым, балдырғаным,
Мейірімді иіскеп қандырғаным,
Күн нұрындай күлімдеп көңілімде,
Жұлдызымды көгімде жандырғандарым!

Қайырмасы:
Балдай тәтті қылығы балақандарым,
Қандай жұмсақ кішкентай алақандарың,
Биігіне өмірдің талпынғанда,
Қанаттарың талмасын балапандарым!

Шат күлкіңмен басылып шаршаганым,
Қуанғаннан жаныммен ән саламын,
Аман-сау боп, алдыңнан шыға берсін,
Армандарың, өмірде аңсағандарың!

Қ-сы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері