Қатын шайпау болғаны – болмағаны – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Қатын шайпау болғаны – болмағаны» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қатын шайпау болғаны – болмағаны,
Келін шайпау болғаны – оңбағаны.
Оған да ақ ұн менен сары май керек,
Қапталдап қалың сордың қоймағаны.
Тасқа неге қонайын тау тұрғанда,
Судан балық құтылмас ау тұрғанда,
Теңің тауып тереңге қолың серме,
Он кісімен қонасың тым құрғанда.
Жігіттер, шамаң келсе, шалқып, толқы,
Алпыс тəнің денеңде сау тұрғанда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері