Қатты - құттыға өтпейді қайран тісім – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Қатты - құттыға өтпейді қайран тісім» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7279
Қатты - құттыға өтпейді қайран тісім,
Кәрілік асымды іш те тұр демейсің.
Сүйіктісін сүйірлеп кесіп жейді,
Дастарқандас табақтас болған кісің
Кәрілік асыңды іш те тұр демейді,
Лағып бетіңменен жүр демейді.
Кәріліктің тағы да бір мінезі -
Жастардың мәжілісіне кір демейді.
Біліп бізге не керек, біл демесе,
Жастардың сыйлағаны - тіл демесе.
Шақырусыз орынның қадірі жоқ,
Өзі біліп шақырып жүр демесе.
Жаман болып не керек тірі болып,
Тірі жүрген көпе жаман бірі болып.
Сар сабақтан толқыған қайран жүзім,
Бетімізге жабыстың сірі болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері