Өлең, жыр, ақындар

Кәріліктің дауасы туралы

  • 10.11.2015
  • 0
  • 1
  • 7128
Кәрілік - күлге аунаған қотыр бура,
Кешегі жақсы қайда сөзі тура?
Дауасын кәріліктің мен айтамын,
Көрпені қалың сал да, майды тура.
Шайдың көркі қант пен май, бауырсақта,
Шай ішпей тұра алмаймыз, ауырсақта.
Кәріні сыйлаймын деп ниет қылсаң,
Майлы етті ұсақ турап , сарымсақта.
Бұрыңғы өткен дәурен қайтып келмес,
Зарығып күндіз - түні сағынсақ та.
Жастардың біреуіндей білгендейміз,
Қартайып әбден естен жаңылсақ та,
Жастардың қолайына жаға алмаймыз,
Айтқан серт, уәдеден табылсақ та.
Тұсыңмен төрт құбыла боп тұрсаң - дағы,
Кейінгіге жақпаймыз неғылсақта.
Кемшілік бердің, алла, бір қуатқа,
Бойдағы тоқтау еттің шаһуатқа,
Қайтпайтын кеше жаудан, арғымағым,
Түспейсің айдасам да кең суатқа.
Кең суат жаның сүйіп үйренген жер,
Туған ер көңіл сүйіп сүйрелген жер,
Басына талай жанның ерік қоймай,
Кіріптар боп инемен түйрелген жер.
Бір онсыз ғашықтық жоқ ер басыңда,
Керекті жəне қостым жолдасына,
Хауаны Адамменен жолдас қылып,
Кім қылды лайықтап ол басында.
Біріне күш, біріне көрік берді,
Көрікке құмар етіп ерік берді,
Атадан сол сияқты мирас қалды,
Аяймын күшім жетсе енді немді.
Өкінем, өткен іске жоқты қарап,
Отырам, орны болса барға санап.
Əрине, еткен талап, ойлаған ой,
Тұрса екен лайықты іске жарап.
Тап деймін, талап етіп жақыныма,
Қарамай тентек, қисық, мақұлыма,
Басыңа келген іске шүкіршілік қыл,
Дүниенің кім жетеді ақырына.
Бұрынғы көп жүктерді артқан нарым,
Жүрмей тұр осы күнде шақырымға.



Пікірлер (1)

Жоламан

Басымды ием

Пікір қалдырыңыз

Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар

  • 0
  • 0

Бақыт, дәулет, мал бітерде ырыс қонар,
Ынтымағы ағайынның дұрыс болар.
Бала пайда күнем болар,
Шал Құлекеұлы

Толық

Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды

  • 0
  • 0

Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды.
Жақсыны жаман адам табалайды.
«Адам басы алланың добы» деген,
Шал Құлекеұлы

Толық

Арғымақ ат кімде жоқ

  • 0
  • 1

Арғымақ ат кімде жоқ,
Міне алмасаң, атша жоқ,
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпасаң жатша жоқ.

Толық

Қарап көріңіз