Өлең, жыр, ақындар

Правдаға

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 6681
Мен бала едім тұңғыш сені көргенде,
Тұңғыш рет тіліңді ұға білгенде.
Сен, қаралы көз жасыңмен естірттің
Әкем менің - ұлы Ленин өлгенде.
Естірттің сен, егілгенше жылаппын,
Есіркедің, өз балаңдай жұбаттың.
Үйреттің сен, ұлы көсем өсиетін,
Көкірегіме кұйдың бәрін куаттың.
Жүрегіме жалын қостың лебіңмен,
Жасқанбайтын еттің бейнет, елімнен.
Келем еркін иесіндей әлемнің
Алған сенен ерлікпенен, сеніммен.
Келем еркін айтып жырын елімнің,
Айтып жырын: өзім туған жерімнің
Сүйем сенше барлық асыл қасиетін
Жібектей жер, көп жұлдызды кегімнің.
Я мүдіріп, қалсам яки сүрініп,
Аяғыма әлденелер ілініп.
Ұрсасың да, қолтығымнан сүйейсің
Жатқызбасқа жат көзінде жығылып.
Ризамын мен, қамқоршымсың қашан да,
Міндеттімін, дәл езіңше жасауға.
Бар ұрпағың жаңа дүние жетектеп
Ғасырларға жаршы бола бас алға!



Пікірлер (1)

Сымбат

Өте керемет өлең маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Сырласу

  • 0
  • 0

Келеміз - Мәлікпенен екеуміз тек,
Шаршатпай қолтығымнан алды демеп.
Келеміз от бұршақтың ортасымен
Кеңеске түтеген оқ болмай бөгет,

Толық

Жолдас, Навои

  • 0
  • 0

«Жолдас» десем жолдассыз, әрі ақынсыз,
Тірі жанды өлді дер қай ақылсыз!
Һәм өзбексіз, тілі бір, туысқансыз,
Бірге жасап, бізбенен бірге жүрсіз.

Толық

Ана мен бала

  • 0
  • 0

Қасқырдай аласұрған қамаудағы
Жанығып жаудың жаны тұрған шағы.
Сартылдап отты қамшы сойып жонын,
Барады қанға бояп қашқан жолын.

Толық

Қарап көріңіз