Кемеде – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Кемеде» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 14821
Бір кемеде бір қазақ
Алыс сапар алдында.
Шыға қапты жолға ұзақ
Жатпай тыныш аулында.
Қуанудың орнына
Қынжыла ма, не етеді?
Қимай қарап артына
Жалтақ-жалтақ етеді.
«Европаға саяхат!»
Айтуға да тамаша.
Аңсайды аулын сол қазақ,
Алыс жолға қараса.

1957


Пікірлер (1)

Нұртөре

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері