Аңсарым өлең еді ес білгелі – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Аңсарым өлең еді ес білгелі» атты Тәкен Әлімқұлов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1383
Аңсарым өлең еді ес білгелі,
Ескірді жыр, арай таң ескірмеді.
Шымшыды жүрек қылын өкінішім,
Күй сырын көкейкесті кеш білгелі.
Көңілдің түніне өлең жақты шырақ,
Жеткізбей бірте-бірте кетті жырақ.
Жанымды әлдилемей жылы лебі,
Сарғайдым сағынышта жалғызсырап.
Тиді ме құпия енші өмірден бұл,
Сырымның сыбағасын көңілден біл.
Қарайған өртке күйіп сары жұртта,
Құлпырар жылға жетпей қызғалдық – гүл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері