Сарнаған сары жазда сары аурудай – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Сарнаған сары жазда сары аурудай» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1173
Сарнаған сары жазда сары аурудай,
Ақ қыста ыңқылдағап кәрі аурудай;
Қажайды көңіл қамын қамсыз түнде
Шалғайдан талмаураған сазды сырнай.
Жеңгедей әлдилейді сиқыр сырнай,
Балдыздай шымшылайды ұйқы қимай;
Екеуі қашады ылғи таңды арайдан,
Жабықтым жаяу қалған жылқылыдай.
Көңілдің ұйқылы-ояу өмірі тар –
Жеткенше таңғы арайға болады зар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері