Ыбырай – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Ыбырай» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 8841
Аманмын, ақын Байнаш, жүрмін тірі!
Пенденің белгісіз ғой көрер күні,
Тірлікке қор болам деп ойламаймын,
Сау болса тәңірімнің берген тілі.
Ежелден ырыстымын ел сыйлаған,
Шығасың неге қарсы - білсең мұны?
Қызғыштай қызарақтап қыстырылма,
Килігіп келмес жерге сөздің жөні.
Сен алсаң жолын тауып қой дедім бе?
Немене соқтыққаның, айтшы осыны?!


Пікірлер (1)

Перизат

Маған өте қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері