Жаз бен қыс көкірегімнен орын тепкен – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жаз бен қыс көкірегімнен орын тепкен» атты Тәкен Әлімқұлов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1106
Жаз бен қыс көкірегімнен орын тепкен,
Жазықсыз жаным жырдың қорын төккен.
Қанымның мыңнан тамшы уын татқан
Кей қаскөй шабытыма өш шалқып жатқан.
Білекті қызыл тілім менің мықты,
Озықтан жеңілмеді, теңін жықты.
Тағдырым – бұлтты айдаған қара дауыл,
Болма дос, жетер болсаң – дара бауыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері