Өлең, жыр, ақындар

Әкемнің ақырғы сөзі

  • 07.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1096
Балаларым — балапандарым,
Аймаңдай айдарыңнан алақандарым
Сипағанын сағынарсыңдар мен жоқта,
Тағдырыңа табынарсыңдар мен жоқта,
Тіршілікке бағынарсыңдар мен жоқта,
Шешелеріңе шағынарсыңдар мен жоқта,
Шамдарыңды өшірмей, шырақтарым,
Шырағым болып жағыларсыңдар менжоқта.
Балаларым — бақыттарым,
Аяулы алтындарым, жақұттарым,
Сендерге сыйласам деп едім бақыт таңын,
Қысқа болып уақыттарым,
Ұяларыңа қондырсам деп едім,
Үйлеріңнің арасын жол қылсам деп едім,
Жан-жаққа тарап ұшқандарыңда,құстарым-ай,
Дегеніме жеткізбеген,
Мынау дүниенің жалғанын-ай,дұшпанын-ай!
Балаларым — базарларым,
Бар ма еді бұл өмірде аз арманым,
Дүниені дөңгелетіп сауырында,
Жүйріктей бауырымды жаза алмадым,
Алтыны бар жерді тауып тұрып,
Іштей қауіп қылып,
Тереңдетіп қаза алмадым,
Балаларым — баяндарым,
Бола алды бұлөмірде қай арманым,
Жасыл орманым жаңғырып,
Жапырақтарын жаяр жаным,
Сендерменен!
Жарығым бітіп сөнгенменен!'
Орындалмаған асыл армандарым да,
Жапырағын жая алмаған жасылормандарым да,
Сендерсіңдер!
Өмірге өрбіген өрістерім де,
Ажал да жеңе алмаған жеңістерім де,
Сендерсіңдер!
Дүниені терберсіңдер,
Тербеу үшін келгенсіңдер, саяларым,
Бақ-дәулет орната алмай өтсем-дағы,
Ақылымды әйтеуір, аямадым,
Жұлдыздарым, жарығым, жанғандарым,
Қош болыңдар!
Аманатым, ақылым, ал жандарым,
Өмірге айнымастай дос болыңдар!
Дос болыңдар!
Досыңдай қадірлей біл, сымбатты өмір,
Келгесін дүниеге — қымбатты өмір!
Осы ақыл болсын деймін серіктерің
Ал,
Алма– еріктерің!
Көздеріңде көзім боп қалғалы тұр,
Ал, менің жанарымнан тамғалы тұр
Көрікті Өмір!.. Көрікті Өмір!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елуде – елуінші ағаш ектім

  • 0
  • 0

Өлеңмен тарттым азап, жапа шектім.
Ойлардың тар түрмесі, қапасы өттің.
Бір кездер айта алмаған сөз орнына,
Елуде – елуінші ағаш ектім.

Толық

Сахара суреті

  • 0
  • 0

Көзбен кермей, білмейсің,
Сахараның суретін!
Өмір сүрмей, білмейсің
Сахараның құдіретін...

Толық

Жүздірер теңіз, көлге де

  • 0
  • 0

Жүздірер теңіз, көлге де
Шығарар биік төрге де,
Қисынын тапсаң қыл көпір,
Өткізер сені өрге де.

Толық

Қарап көріңіз