Өлең, жыр, ақындар

Абдолла Ахун ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1116
Ата салтын сыйлағанға жол болған,
Ол жайында сыр шертеді кең далаң.
Адамзаттың есен – аман саулығы
Бір Алланың еркінде ғой, жан балам!
Жас жаныңа таусылмайтын дем берген,
Табиғатпен жаның егіз әуелден.
Үзіп алсаң тамырыңды нәп – нәзік,
Көз ашылмас сор азапты көруден.
Мен сезініп талай тылсым жұмбағын,
Алдағыны елім үшін болжадым.
Қиналғанның дауа тауып еміне,
Өмір бағын үзілместей жалғадым.
Қызыл дауыл ұқпады ма, кім білсін,
Қудаландым,ұлым бірақ сол үшін.
Орскіде елден жырақ күн кешіп,
Тарылғаны туған жерсіз тынысым!
Өзегінде қалып аяз,боранның,
Кең Жылыойым болып мәңгі жыр,әнім,
Отыз жылдай азап пенен шер жұтып,
Ата жұртқа сағынышпен оралдым.
Туған жердің көз жіберіп таңына,
Рахат самал құйылғаны жаныма.
Киелі ғой ата – баба өскен жер,
Нәрін берген оттай ыстық қаныңа.
Кәусар бақтай ұсынатын бақ – тыныс,
Осында ғой сүйенішім – бар туыс.
Қуанышымды саған қалай айта алам,
Бұйырған ғой топырағы бір уыс!
Биік екен,ұлым менің ,аспаным,
Ұмытпапты келер ұрпақ – дастаным.
Қонсыншы- деп, келгендерге басыма,
Түнек салды Рзиұлы Асқарым.
Жырға қосшы сол баламды, ақыным,
Алыста емес,ол да өзіңнің жақының.
Қаратонда маңдай тері моншақтап,
Ақ бұлағын ағызған ол алтынның.
Туған жерде мәңгі өшпейтін әсемдік,
Оқи білсең шығарар ол көсем қып.
Самғау үшін биіктерге тәлім ал,
Ата жұртқа тілей біліп есендік.
Ойлай білсең бойларсың – ау тереңді,
Өрге тартып өнер атты кемеңді.
Қапаланба дүние ластау тұман деп,
Шын жүйрікке болмас ешбір кедергі !



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абай бабам

  • 0
  • 0

Абай бабам! Киелі пірім менің,
Адамзатқа нұр төккен күнім бе едің?!
Шуағыңды ала бұлт тұмшаласа
Боз торғайдай мұз кешкен дірілдедім.

Толық

Шерхан аға!

  • 0
  • 0

Аянбастан қызмет қылған халқына,
Қайталанбас жау жүректі нар тұлға.
Әр сөзінде жанға қуат жалын бар,
Оған жетпес байлығың да алтын да.

Толық

Төле би

  • 0
  • 0

Қара қылды қақ жарып,
Әділдіктен нұр жағып.
Ынтымаққа жар салып,
Имандықтан сый тартып,

Толық

Қарап көріңіз