Дөң асқан – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Дөң асқан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1752
Шығады шапқан аттың шаңы аспанға,
Жасаған жол бере гөр адасқанға, адасқанға.
Е-ей, ей, дөң асқанға, е-ей, ау.

Даланың ерлерінен жортқан аттай,
Салайын құйқылжытып дөң асқанға, дөң асқанға.
Е-ей, ей, дөң асқанға, е-ей, ау.

Қай дөңгей, мына дөңгей, дөңгей, дөңгей,
Дауысым ашылмайды шыға келмей.
Көзіме елес-елес көрінесің,
Базарда кезі елу сом, алтын зердей.

Ән салсаң өзімдей сал аңқылдатып,
Үніндей самал желдің саңқылдатып.
Толғантып, емірентіп, ескектетіп,
Таңындай ақ бөкеннің жарқылдатып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері