Бауыржан – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Бауыржан» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1882
Кір шалдырмай азаматтық арына,
Адалдықтың ие болған тағына.
Жасықтарды жолатпаған жанына,
Бой бермеген қанға құмар тағыға,
Ұлттық рухын сақтап ыстық қанында.
Арыстандай жауға атылған айбарлым.
Сендей батыр туарма екен тағы да,
Көсем болып әділдікпен қол бастар,
Туған елдің маңдайының бағына.
Сілкіндірген ерлігімен шың құзды,
Алты Алаштың жарық төккен жұлдызы.
Сенің рухың жалау болып желбіреп,
Бастайтындай жеңістерге ұл-қызды.
Есіміңді дауыстаймын ұрандап,
Елестетіп өткір алмас жүзіңді.
Сескенбестен қанды дүлей дауылдан,
Тәңір қолдап халқым үшін туылған.
Ерлігімен соққан мәңгі ескерткіш,
ӘРУАҒЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН БАУЫРЖАН!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері