Өлең, жыр, ақындар

Ермұхан Бекмаханов

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2302
Озбырлықпен қанды қылыш тағынған,
Сескенбестен империя тағынан.
Улы бұлтын серпіп тастап ерлікпен,
Айрылмасқа ұлттық рух танымнан.
Құрбан болған ұлт азаттық жолында,
Сыр ағылттың Кенесары ханымнан!
Шермен шертіп шежіресін елімнің,
Жоғалғанын қайта жинап төрімнің.
Елестетіп аққан жұлдыз Шоқанды,
Қырандардай биік самғап көріндің.
Көркі болып кең пейілді халқымның,
Алға тартып тау қопарар екпінің.
Тарихымның шындығы боп арманың,
Ғасырлардың кезіп қалын орманын.
Бабаларды туған елге оралтып,
Қақыратып қызыл дүлей қорғанын,
Шар болаттай шамырқанған шабытпен,
Бар күшіңді ақиқатқа арнадың!
Талай дарын шаң жұтса да тұншығып,
Бұл қазақты өлтірген ғой күншілдік.
Шулап жатты жандайшаптар ұлардай,
Бұл не деген текке тартқан ұлтшылдық?!
Шағымдарын жаппай жазды дүрліге,
Түрме таптың жиырма бес жыл кесіліп!
Ниетіңе жақтас болып бір Алла,
Майыспадың өжеттікпен онда да.
Өз жаныңа қуат беріп жүргендей,
Риза болып әр бір таңда қолды ала.
Байсейітпен Саурық батыр Сұраншы,
Тылсым күшпен елес беріп жүрді алда!
Танымастан өз болмысын келбетің,
Иттер көп ғой айнаға қарап үретін.
Не айтады өз тарихын білмесе,
Ұрпағына ұясынан өретін.
Мәз боп жатты тұзақ құрған құзғындар,
Өз асым- деп, доңыздардың улы етін.
Уран шашып тас түнекте бас салып,
Жасалса да небір сұмдық қастандық.
Озбырлықтың азабына шыдадың,
Үмітіңе сенімменен көш артып.
Өрт салса да қас дұшпаның қатыгез,
Тағдыр жазды мандайыңа бостандық!
Құн жоғалтпай бойыңдағы тектілік,
Қайта шықтың сын күреске бекініп.
Отан сүйдің жарды сүйген секілді,
Жарқын оймен болашаққа серпіліп.
Ғылым іздеп тыным таппай шарқ ұрдың,
Мақсат болып асқақ арман еркіндік!
Көтерумен ел сенімі бар жүкті,
Көрсете алып мәрт мәртікпенен нарлықты.
Тарихымның бар шындығын ақтарып,
Төге білдің сәулесі мол жарықты.
Орын алған жүрегінен халқымның,
Кім ұмытар сендей асыл алыпты!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достан ата үні

  • 0
  • 0

Бабаларым ақын ұл деп,қол берген,
Кел, кел, балам, талай қиын жол көрген.
Ақ батасын бермесе егер ұлылар,
Жолың қалай болатынын кім білген?

Толық

Өмірзақ Қалбайұлы

  • 0
  • 0

От кеудеңді тербеп нәзік сырлы ағын,
Теңіздердей буырқанып тынбадың.
Прометейдей шырақ тасып еліңе,
Азияда шалықтады жыр әнің!

Толық

Әжелер үні

  • 0
  • 1

Біз майданға найза алып аттанбадық,
Ар киесін қадірлеп ақтан тағып.
Тоздырмастан бабаңнан шаңырағын,
Адалдықтың антынан аттамадық.

Толық

Қарап көріңіз