Рахымжан Отарбаев – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Рахымжан Отарбаев» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3314
Кең әлемге қазағымды танытқан,
Дара туған тума талант жарық таң.
Шуақ төгіп адамзатқа ой салып,
Сөз маржанын дариядай ағылтқан.
Рахымжан-деп,өз қолымен қол қойып,
Бабалардың ізгі жолын жаңғыртқан,
Сүйсінбессің қалай дарын тұлғаға,
Ақын болсаң тереңдікке құмартқан!
Тағдыр қинап сынаса да қаншама,
Басын бұғып қалмастан ол тасада.
Пана қылып жалғыз ғана Тәңірді,
Көкжал селді ағыстарды қарсы ала
Сескенбестен дауылдардан қайсар ұл,
Алға тартып ұлтым деген ой сана.
Мәңгілікке соға білген ескерткіш,
Сұлулыққа қарау үшін тамсана!
Қас өнерден көтерген көк күмбезді,
Тылсым жұмбақ әлемдей ғой бір өзі.
Қуанасың ойларына даналық,
Елестеткен буырқанған теңізді.
Шақырады ерліктерге ізгі ісі.
Тану үшін дауылдарда өзіңді,
Ұғу үшін асқақ арман сезімді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рахымжан Отарбаев өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Рахымжан Отарбаев өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рахымжан Отарбаев өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рахымжан Отарбаев өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері