Біздің ел – Табылды Досымов

Бұл бетте «Біздің ел» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 2
  • 2813
Қамшысының өрімі - сегіз өрім,
Қалқасының еріні - нағыз ерін.

Қобызының мұң-зары - құс қондырған,
Ұлы түгіл қыздары дұшпан қырған...

Періштеге айналып сайтаны да,
Озып келген бәйгеден батылы да.

Серісінің ерлігі анық дастан -
Сүйген қызын сұрамай алып қашқан.

Залымдары - мыңғыртып түйе айдаған,
Дарындары - бақаймен күй ойнаған

Ерлері бар жауларын жапыратын,
Тентектерінің өзі батыр-ақын...


Пікірлер (2)

Алинұр

Өте жақсы мен патшалыққа дайындалып жатырмын осы жаттау мен

Алинұр

Мен апталыққа осы жаттауға дайындалдым

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің ел өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Біздің ел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің ел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің ел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері