Кешіккенің қайткенің?

Бұл бетте «Кешіккенің қайткенің?» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 8438
Жүрегіміз - егіз десін дедің бе,
Тілегіміз - теңіз десін дедің бе,
Көп ішінен мені іздесін дедің бе,
Кешіккенің қайткенің?

Күтсе күтсін, тұрса тұрсын дедің бе,
Жүрегінде жыр сабылсын дедің бе,
Әлде мықтап бір сағынсын дедің бе,
Кешіккенің қайткенің?

Басқа жанға тұрақтасын дедің бе,
Көңілімнен жырақтасын дедің бе,
Жүрегімді жылатпасын дедің бе,
Кешіккенің қайткенің?

Мәртебемді биіктетсін дедің бе,
Өзге қызды сүйікті етсін дедің бе,
Өкініштен күйіп кетсін дедің бе,
Кешіккенің қайткенің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешіккенің қайткенің? өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Кешіккенің қайткенің? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешіккенің қайткенің? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешіккенің қайткенің? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері