Шалкөде – Табылды Досымов

Бұл бетте «Шалкөде» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3614
Жайқала біткен сайда гүлдерің,
Жағалай қонған қойнауында елім.
Жауқазын гүлдер жаныма жайлы,
Жәннаты жердің жаулауым менің.

Шалкөде!
Арманым менің, ардағым менің сенде!

Асқақ Алатау Құмарым ба едің?
Асуларыңа шығамындедім...
Асан Қайғының арманымысың,
Жайлауым менің - жұмағым менің!
Шалкөде!
Гүлбағым менің, Сырларым менің сенде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері