Сен де армансың – Табылды Досымов

Бұл бетте «Сен де армансың» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4224
Сен де армансың,
Мен де арманмын, арманбыз,
Армандарды армандарға жалғармыз.
Саған құсым қалықтайды алыстан,
Аманбысың,
Алматыда қалған қыз?!

Мен де еркемін,
Сен де еркесің, еркеле,
Еркеліктің елік-күні келте ме?!
Күйіп-күйіп, күпті болған көңілді,
Өтінемін, екінші рет өртеме!

Сағыныштан жарыма жас тола,
Өзің болып қол бұлғайды Астана...
Лүпілдеген жүрегімсің сен менің,
Қалайша оны жұлып берем басқаға?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері