Өлең, жыр, ақындар

Жұма күнгі жыр

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3164
(Х.Нұрғалиевке)

Туа қалсақ – тосады таныс қабір,
Мәңгілікке кетуді күттім менде ...
Төрт қабырға – төрт Құран, ғарышта-нұр,
Ал, қапастың ішінде тұтқын пенде ...

Жан - қонақ та, тән - Жерлік, сана - қалжа,
Аттан, алыс ғарышқа көтеріл де!
Ақыл - сәжде, дін - перде, адам - олжа,
Кебін - перде бүркейді кетеріңде...

Дін сондықтан көнбеген қара күшке,
Дәлелденген нәрсе бұл тарихта да ...
Пайғамбарлар шалдығып шарап ішсе
Ол - жүзімнің шырыны, Хамит бала ...

Түспесін тек діншілдік жайында еңсең,
Жаһаннамның кіргендей пердесіне.
Шарап исі аңқыған шайыр көрсең,
Ол да өзімдей Алланың пендесі де...

Бірімізді біріміз мұнша аясақ,
Аттанбай ма жұмаққа мыңның бәрі,
Алла - ұлы мемлекет, дін – саясат,
Адам - оның зайырлы тұрғындары.

Ақын көрсең, жақсыға елеңдеген,
Шарап ұрттап, қыз ерткен көрікті,ізгі...
Құран жазып қалдырған өлеңменен,
Пайғамбардың сойынан деп ұқ бізді ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мойындату

  • 0
  • 0

Қара түнге қайрадым намысымды,
Маңайлаттым мұң ішіп алысымды.
Шыр еттім де шектеулі сапар шеккем,
Орда жетпей қамшымның сабы сынды.

Толық

Эпиграмма

  • 0
  • 0

Ақпа ақын, әз журналист Қойшығұлды
Қылжақтап құрдастары «тойшы» қылды.
Қазақтың қанға сіңген әдеті ғой,
Қоятын сондай қылып ойшыл ұлды.

Толық

Биіктік

  • 0
  • 2

Ұнатады шыңда көңіл шырқауды,
Таулары жоқ төбемізден бұлт ауды.
Толағай боп туылмадым, әттең-ай,
Атырауға әкелер ме ем бір тауды...

Толық